Нарынқол ауылы аңызға толы мекен. 10000-ға жуық тұрғындар мекен ететін ауыл 150 жыл бұрын құрылған. Біздің "Болашақ" атты тобымыз осы парақшада көптеген аңыздардың ішінен ең танымал бес аңызды зерттеп, төменде ашып жазды.
Райымбек батыр бұлағы.
Ертеде Райымбек Батыр өмір сүреді. Ол өзінің сарбаздарымен қазақ жерін жоңғарлардан қорғайды. Бір кездері жауын қуып келе жатып шөл далаға тап болады. Сарбаздар су іздеп, шөлдейді. Бір кезде Райымбек батыр бар күшімен найзасын жерге қадайды, сосын сол найзаны алған кезде су шығады. Халық сол оқиғадан кейін ол бұлақты “Райымбек бұлағы” деп атап кеткен.

Дәлел: Сарыжаз жолының бойындағы Райымбек батырдың кесенесі дәлел болады.
Жетім көл аңызы
Жетім көл деп аталу себебі бұрын бұл көлде өте көп аққулар өмір сүретін. Бірақ бір күні бір әйелдің баласы ауырып қалады.Әйел тәуіпке барады, сол кезде тәуіп әйелге аққудың қауырсынын ал деп айтады. Сол кезде әйел дұрыс түсінбей аққуды ату керек деп көлге барады және аққуды атады. Сол кезде аққулар мылтық даусынан шошып сол көлге екінші аққулар бармаған.Сол оқиғадан кейін көл жетімсіреп,тұрғындар "жетім көл" деп атап кеткен.

Дәлел: Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаевтың 'Аққулар ұйықтағанда" атты поэзиясы дәлел.
Хан тәңірі - Қанды тау
Хан Тәңірі тауының төртқырлы пирамида тәріздес шыңын жыл он екі ай қар басып, үнемі тұман бүркеп тұратындықтан ол туралы аңыз-әңгіме жетерлік. Мәселен, шың басы күн ұясына батарда өзгеше алаулап, қызыл түске боялады. Осыған байланысты Хан Тәңірі шыңын қазақтар «қанды тау» деп атап кеткен.

Дәлел: Бұл аспанға жақын қар басып жатқан шыңды тау. Айналасындағы көптеген қар таулардан бір тау екі есе үлкен. Тауларды бұлт басқан.Бұл уақытта күн ұясына батып жатқан кез. Күннің сәулесі сол биік тауға түсіп,тау қандай қызғылт түске еніп тұрады.
Желеу жайлауындағы үңгір
Бұл үңгір Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауданы Қаракөл маңындағы “Желеу” жайлауында орналасқан. Орыстар мен Қазақтар арасында соғысы өткен кезде жарақат алып, осы үңгірді мекен етіп қаза тапқан деген дерек бар.

Дәлел: Үңгірден адам сүйегінің қаңқасы табылған.
Шайтан көпір
Шайтан көпір, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылынан 20 шақырым жерде орналасқан. Халықтың айтуы бойынша бұл жерде көптеген адамдар көпірден өтеміз деп жол апатынан қаза тапқан. Осы аномалия болғандықтан жергілікті халық осы көпірді «Шайтан көпір» деп атап кеткен

Дәлел: Халық арасында ауыздан-ауызға тараған аңыз