ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

Бердібек Соқпақбаев

Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, кейіннен Мәскеуде Жоғары ... әдеби курсты бітірген. Біраз жыл ауыл мектебінде бала оқытқан. «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Балдырған» журналында, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында істеген. Қазақстан Жазушылар одағында балалар әдебиеті жөніндегі әдеби кеңесші болған.

Мұқағали Мақатаев

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. ... М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қарасаз бастауыш мектебінде орыс тілінің мұғалімі,Қазақ радиосының дикторы, Шалкөдеде Қызыл отау меңгерушісі, Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінің жауапты хатшысы, «Социалистік Қазақстан» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында әдеби қызметкер. Жазушылар одағы поэзия бөлімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. 1973-1974 жылдары Мәскеудегі Әдебиет және өнер институтында оқыған .

Еркін Ібітанов

Еркін Жұмаділұлы Ібітанов (4 маусым 1935 жыл, Қарасаз ауылы, Райымбек ауданы - 2 шілде 2009 жыл, Нарынқол ауылы, Райымбек ауданы) ... — ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі (1986). Қарасааз мектебінде оқыған. 1955 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірді. 1956-1959 жылдары Нарынқол аудандық мәдениет бөлімінде қызмет атқарды

Сламғожа Абзал

Сламғожа Абзал(2004) Алматы облысы,Райымбек ауданы,Нарынқол ауылының тумасы. Т.Жанұзақов атындағы орта мектептің оқушысы. ... Дарынды балаларға арналған Iqanat high school of Burabay мектебінің түлегі. Сүлейман Демирел университетінің технологиялық паркінде бағдарламашы, nFactorial мектебінің 2022 жылғы түлегі.

Байжұма Медет

Байжұма Медет Серікұлы 26.10.1995 жылы туылған “Ғажайып сәт” кітабының авторы ... аудандық Баққожа Мұқай атындағы аудандық мәдениет үйінің директоры Қазіргі таңда ақын, жазушы, атқұмар жігіт, ұстаз, асаба, кәсіпкер, ЖМУ түлегі

nf chevron